Жерар Пике мен Шакира ресми түрде ажырасты

2 желтоқсан 2022 14:07
©La Chismería/Facebook/kystar/Instagram

Колумбияның танымал әншісі Шакира мен Испания құрамасының бұрынғы футболшысы Жерар Пике ресми түрде ажырасқанын хабарлады, деп жазады revistacentral.com порталы. 

Бұл жұп алты ай бұрын ажырасқан еді. Бірақ Шакира мен Пике соттың құжатына енді ғана қол қойған. 

Шакира мен Пикенің балалары әншімен қалатын болды. Олар жаңа жылдан кейін Испаниядан Майамиге ұшып, сол жақта тұрады. 

Ал Пикенің балаларын кез-келген уақытта барып, көруіне мүмкіндігі бар. Одан бөлек, жол шығындарының барлығын әнші мен футболшы бөліп төлейтін болды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар