Жерар Гоудың дебюттік голы "Ақтөбеге" жеңіс сыйлады

©"Ақтөбе" ФК

Футболдан Қазақстан чемпионатының бесінші турында "Ақсу" командасы "Ақтөбеге" есе жіберді. Павлодарда өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. 

Матчтың 63-минутында Айбол Әбікен акробатикалық стильде гол соғып, "Ақсуды" алға шығарды. Бірақ 73-минутта Уго Видемон, ал 84-минутта Жерар Гоу өкшесімен тамаша гол соқты.

Қазақстан Премьер-лигасы, 5-тур

"Ақсу" – "Ақтөбе" – 1:2

"Ақсу": Евгений Кучеренко (қ) – Ғафуржан Сүйімбаев (к) (Дмитрий Бачек 88), Фейт Обилор, Ұлар Жақсыбаев, Қайрат Жырғалбекұлы – Айбол Әбікен, Жасұлан Қайыркенов, Асланбек Кәкімов, Дамир Марат (Еркебұлан Тұңғышбаев 79) – Изат Құлжанов (Павел Красотин 68), Мирас Тұрлыбек (Сергей Хижниченко 68);

"Ақтөбе": Саша Стаменкович (қ) – Дмитрий Шомко, Йоахим Адукор, Артурас Жулпа, Темірлан Ерланов, Әділхан Таңжарықов – Юрий Логвиненко (к), Руслан Камболов (Әлібек Қасым 69) – Уго Видемон (Виталий Балашов 90+5), Рожерио Шина (Максим Самородов 69), Жерар Гоу;

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар