Жерар Гоу Қазақстан чемпионатына қайта оралды

©"Қайрат" ФК

Ивуарлық шабуылшы Жерар Гоу "Ақтөбе" сапына қосылды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады. 

Бұған дейін қазақстандық команда шабуылшыға қызығушылық білдірген еді. Бірақ Гоумен ресми келісімшарт жасағанын хабарламады. 

"33 жастағы шабуылшы Жерар Гоу "Ақтөбе" командасымен келісімшарт жасады. Оның соңғы командасы түркиялық "Касымпаша" болған еді. Шабуылшы жуық арада өзінің бұрынғы командасы "Қайратқа" қарсы кездесу өткізуі мүмкін. Гоу алматылық команда сапында 3,5 маусым ойнап, 80 гол соққан", - деп жазады дереккөз.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар