auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Жеңістен дәмеміз бар". Магомед Әдиев Әзірбайжанмен өтетін ойын жайлы

"Жеңістен дәмеміз бар". Магомед Әдиев Әзірбайжанмен өтетін ойын жайлы
©ҚФФ

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Әзірбайжанмен болатын матч қарсаңында баспасөз мәслихатына қатысып, журналистердің сұрақтарына жауап берді деп жазады Vesti.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Әзірбайжан еліне келгенімізге қуаныштымыз. Дайындық жұмыстары жақсы өтуде. Турнир тапсырмасын орындап қойдық. Бірақ біз ұлттық құраманың намысын қорғағандықтан, әрқашан абыроймен ойнауымыз керек. Қарсыласымыздың әлеуетін жақсы білеміз. Команда құрамында мықты ойыншылар бар. Ертеңгі матч оңай болмайын деп тұр. Бірақ бұл ойынды өз пайдамызға аяқтауға тырысамыз. 

– Ертеңгі кездесуде жас ойыншылар дебют жасай ма? 

– Шацкийдің ойнайтынын нақты айта аламын. Басқа ойыншыларға келетін болсақ, алғашқы минуттардан шықпаса да, белгілі бір мүмкіндіктері бар. Жаттығудан кейін нақты шешім қабылдаймын. 

– Қазақстан құрамасы төртінші себеттен шыққанына қарамастан, топтық кезеңде бірінші орын алды. Мұның сыры неде? 

– Футбол көп қырлы спорт түрі. Әр команданың өз қиындықтары бар. Біз өз күшімізді көрсеттік және бірінші орынға табан тіредік. Нәтижеге ризамыз. Бізге керемет қолдау көрсетілді. Басты қаруымыз ауызбіршілік болды. 

– Әзірбайжан алты жылдан бері Қазақстанды жеңе алмай келеді. Ертең алаң иелері мұны түзетуге тырысады. Бұл туралы не ойлайсыз? 

– Әрқашан матчқа солай дайындалу керек. Біздің де жеңістен дәмеміз бар. Ертең стадионда кездесіп, бар мәселені шешетін боламыз. 

– Әзірбайжан құрамасын Астанада жеңгеннен кейін (2:0) команда құрамынан қандай өзгерістер байқадыңыз? 

– Мен словактармен болған ойынды көрдім. Нәтижеден бөлек, команданың көрсеткен ойынын ерекшелеп айуға болады. Команда жақсы жұмыс істеуде. Өзгерістер де жоқ емес. 

– Соңғы матчтан кейін Де Бьязи көп сөйлемей іспен айналыссын дедіңіз. Ертең сол сөзіңіз үшін өкініп қалмайсыз ба? 

– Ол баспасөз мәслихатында Қазақстанға сәттілік жолдас болды деп айтты. Бапкер деген өзге команданың ойынын талқыламауы керек. Мен тек өз командам жайлы айтамын. Бізге сөзден іске көшкен дұрыс. Де Бьязи мырза Қазақстан футболшыларын сыйлауы керек. Ал ойында Қазақстан байқаусызда жеңіп кетті деген әңгіме орынсыз. Мен соны ғана меңзедім.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасының аясында Әзірбайжан командасымен кездеседі. Бес турдың қорытындысы бойынша Магомед Әдиевтің шәкірттері С лигасының 3-тобында бірінші орын иеленіп, В лигасына жолдама алды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама