Алматылық "Қайрат" Қазақстан премьер-лигасының (ҚПЛ) кейінге шегерілген 21-турындағы матчта елордалық "Жеңісті" өз алаңында 3:0 есебімен ойсыратып, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Эдмилсон есеп аштыКездесудің алғашқы минуттарынан-ақ алаң иелері бастаманы өз қолына алып, 20-минутта басымдығын голға айналдырды. Эдмилсон елордалық клубтың қақпасына допты дәл бағыттап, "сары-қараларды" алға шығарды - 1:0.
Бірінші таймның соңына дейін алматылықтар минималды басымдығын сақтап қалды. Үзілістен кейін де "Қайрат" ойын барысын бақылауда ұстап, көп ұзамай есеп айырмасын арттырды.
"Қайрат" ірі есеппен жеңіске жетті63-минутта Марк Гуаль гол соғып, алаң иелерінің басымдығын еселеді. Есепті өз пайдасына өзгерткен "Қайрат" қарқынын бәсеңдетпей, елордалық команданың қақпасы маңында қауіпті шабуылдар ұйымдастыруды жалғастырды.
86-минутта Луиш Мата есепті 3:0-ге жеткізді. Үшінші гол жеңімпаздың кім екенін түпкілікті анықтап, кездесудің қорытынды есебін белгіледі.
Осы жеңістен кейін "Қайрат" 57 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. Алматылық клуб осыған дейін 55 ұпаймен кқш басында тұрған шымкенттік "Ордабасыны" басып озды. "Жеңіс" 29 ұпаймен тоғызыншы орында келеді.