Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы ӘЧ-2022 іріктеу турнирі аясында Финляндия командасымен кездеседі. Әзірге D тобында фин ұжымы бес матч нәтижесі бойныша 5 ұпаймен төртінші орында тұрса, квалификацияда алты ойын өткізген Талғат Маруаұлы шәкірттері 3 ұпаймен соңғы орынға жайғасқан. Матч алдында еліміздің басты командасына қайта шақырту алған Дмитрий Шомко Балтық теңізінің ар жағынан келген қарсылас жайлы ойымен Vesti.kz тілшісіне бөлісті.
- Дмитрий, ұлттық құрамаға қайта оралуыңызбен. Соңғы екі турда ұпай алатын командалардың арасында Финляндия бар. Бұл құраммен осыған дейін бірнеше рет кездесіп, оның бірде-біреуінде ұтпағанбыз. Бұл жолы шамамыз жетеді деп ойлайсыз ба?
- Біз әр матчта тек жеңіске жету үшін алаңға шығамыз. Бұл іріктеу турнирінде өз алаңымыздағы соңғы ойын болғандықтан, қарсыласымызды жеңу үшін 100% барымызды саламыз. Стадионға келген жанкүйерлерді жерге қаратпауға тырысамыз.
- Финляндия құрамасы өз алаңында Украинаға есе жіберді. Бұл жолы "суоми" құрамасын ұтсақ, турнир кестесінде төртінші орынға көтерілетін мүкіндігіміз болады...
- Соңғы күндері Финляндия құрамасы жайлы толық ақпарат білдік. Олардың қандай футбол ойнайтынын білеміз. Жеңіске жетіп жатсақ, біздің команда үшін үлкен серпіліс болар еді. Жігіттер бүгінгі ойынның жауапкершілігін жақсы біледі.
- Жалпы Финляндия құрамасының сапында Теему Пуккиден басқа қандай мықты ойыншыларды атап өтесіз?
- "Суоми" құрамасының сапында бірқатар мықты ойнышылар бар. Пуккиден бөлек, Глен Камараны ерекше атап өтуге болады. Жартылай қорғаушы команданың тірегі десек те болады. Командасында шабуылдың басым бөлігі осы ойыншы арқылы жасалады. Сондықтан Камараның алаңда еркін қимылдауына мүмкіндік бермейміз.
Еске салайық, Қазақстан мен Финляндия арасындғы матч "Астана Аренада" өтеді. Матчті Елорда уақытымен 20:00-ден бастап Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.