Мадридтік "Атлетико" екі матч қорытындысы бойынша ағылшынның "Тоттенхэм" клубын ұтып, Чемпиондар лигасының 1/4 финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Лондондықтар есепті бірінші болып ашты - 30-минутта Рандаль Коло Муани ағылшындарды алға шығарды. Алайда үзілістен кейін мадридтіктер жылдам жауап қайтарып, Хулиан Альварестің голы арқасында таразы басын теңестірді. Қонақтардың қуанышы ұзаққа созылмады: 52-минутта Хави Симонс алаң иелерін қайта алға шығарды.
Матчтағы тартыс соңына дейін сақталды - 75-минутта Давид Ганцко есепті теңестіріп, жанкүйерлерді шешуші сәтті тағатсыздана күтуге мәжбүр етті.
Кульминация ойынның соңғы секундтарында болды: 90-минутта Симонс пенальтиді дәл орындап, дубль жасады және "Тоттенхэмге" осы матчтағы жеңісті сыйлады.
Соған қарамастан, екі ойын қорытындысы бойынша келесі кезеңге "Атлетико" өтті. Еске салайық, алғашқы кездесуде испаниялық клуб қарсыласын 5:2 есебімен ойсырата ұтып, жалпы табысқа берік негіз қалаған еді.
Айта кетейік, бұған дейін "Атлетико" турнирден "Брюггені" шығарып, қарсыласынан 7:4 есебімен басым түскен. Ал "Тоттенхэм" жалпы кезеңде 17 ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орын алған.