Жеңіс қажет. Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қорытынды ойынына тікелей трансляция

Сурет: ҚФФ

Бүгін, 18 қарашада футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі қорытынды матчін өткізеді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Литваға қарсы алтыншы тур ойыны Алматының орталық стадионында өтеді, басталуы 21:00. Qazsport арнасы матчті тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді. 

Қазіргі таңда Қазақстан С дивизионының 4-ші төрттігінде соңғы. Бес ұпай жинаған литвалықтар үшінші келеді.

Шешуші ойынға қалып, санаттан төмендеу қаупінде болмас үшін Михал Билек жаттықтыратын командаға тек жеңіс қажет. Айта кетейік, Вильнюсте өткен бірінші ойында 2:0 есебімен Қазақстан жеңген.