Бүгін, 18 қарашада футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі қорытынды матчін өткізеді,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Литваға қарсы алтыншы тур ойыны Алматының орталық стадионында өтеді, басталуы 21:00. Qazsport арнасы матчті тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді.
Қазіргі таңда Қазақстан С дивизионының 4-ші төрттігінде соңғы. Бес ұпай жинаған литвалықтар үшінші келеді.