Испания құрамасы Еуропа чемпионатының шешуші матчінде жеңіске жетті де, абсолют рекорд орнатты.
Испания мен Англия арасындағы финал Берлиндегі "Олимпиаштадион" алаңында өтіп, 2:1 есебімен аяқталды. Командалар бірінші таймда бір-бірен гол сала алмады, алайда екінші таймда нағыз шоу жасады.
47-минутта бильбаолық "Атлетико" сапында өнер көрсететін Нико Уильямс есеп ашты.
Англияға есепті теңестіру үшін жарты сағаттай уақыт қажет болды: 73-минутта Коул Палмер алаңға шыға сала гол салды.
Ал енді финал тағдырын тағы да алаңға жаңа шыққан футболшы шешті. Микель Оярсабль қапталдан ұшқан допты қақапаға дәл бағыттап, Испанияға рекордтты трофей - тарихтағы төртінші титулды жеңіп алып берді.