Жеңіліс ашуы. Серхио Рамос фотографты итеріп жіберді

©Verybet.ru

ПСЖ қорғаушысы Серхио Рамос ЧЛ 1/8 финалында "Бавариядан" ұтылғандарын көтере алмай қалған болса керек. Желіде футболшының ойыннан кейін фотографты итеріп жіберген видео таралып жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кеше Парижде өткен кездесу 1:0 есебімен германиялық клуб пайдасына аяқталған болатын. 

Матч аяқталысымен париждік команда ойыншылары трибунаға бет алып, жанкүйерлерге алғыс білдірмек болады. Осы кезде испаниялық футболшы өзіне сүйкеніп кеткен фотографты бар күшімен итеріп жіберді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport