Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалынан кейін алаңда жаппай төбелес аша жаздады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Матч аяқталған соң Аргентина футболшылары финалға шыққанын тойлап жатқан сәтте Беллингем қарсылас команданың жартылай қорғаушысы Валентин Баркоға жақындап, желкесінен қағып жіберді.
Осы әрекеттен кейін Аргентина құрамасының бірнеше ойыншысы командаласын қорғауға ұмтылып, екі жақтың футболшылары арасында шиеленіс туындады. Дегенмен жағдайды ушықтырып алмай, жаппай төбелестің алдын алу мүмкін болды.
Айта кетейік, Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси бұл жанжалға араласпай, сырт айналып кете берді.
Еске салайық, жартылай финалда Англия матч барысында 1:0 есебімен алға шыққанымен, кездесудің соңында 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
Енді Джуд Беллингем бастаған Англия құрамасы қола жүлде үшін Франциямен кездеседі. Ал Аргентина әлем чемпионы атағын қорғау үшін финалда Испания құрамасымен ойнайды.