"Жазғы трансфер сәтсіз болды". Қазақстандық ойыншы ЦСКА сапынан кетуі мүмкін

Сурет: ЦСКА ФК

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов ЦСКА сапынан кетуі мүмкін, деп хабарлайды vseprosport.ru. 

Басылым мәліметінше, клуб жазғы трансферде ойыншыларға үлкен қаржы жұмсаған, алайда, бұл шығын әзірге сәтсіз болып тұр.

"Рекордты жаңа ойыншылар тізімінде Влашич, Эджуке, Гайч және Фукс. Бірішісіне қатысты сұрақ жоқ - көрді, келісімшартты сатып алды. Бірақ шығын бойынша рекордты трансфер сәттілік әкелмеді. Фукста жарақат, Гайч Италияда, Эджуке тырысып жатыр, дегенмен, бұл жеткіліксіз. Рондон ауырлау, Зайнутдинов кетуі мүмкін. Трансфер үшін есеп беру қажет, ал 32 миллион Чемпиондар лигасына апармаса кімді сөгеді? Оның үстіне Шкурин, Гогуа, Лукас Сантос, Шарлия, Сигурдссон, Обляков, Нишимура мен Бийол - былтырғы трансферден керегін бермеді. Гинер мен Бабаев бұл үшін жауапты болуы мүмкін", - деп жазады БАҚ.