"Ақтөбе" Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық "Ақтөбе" футбол клубы УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өте алмай, еурокубоктік жарыстан шығып қалды. Команда сырт алаңда чехиялық "Спартадан" 0:4 есебімен ұтылды.
Бірінші таймда қонақтар сенімді ойнап, есеп ашылмады. Алайда үзілістен кейін прагалық команда шабуылды үдете түсті. Гол авторлары:
Велько Бирманчевич — 57-минутта,
Матей Рынеш — 60-минутта,
Ян Кухта — 64-минутта,
Альбион Ррахмани — 90+4-минутта көзге түсті.
Бір апта бұрын Ақтөбеде өткен бірінші ойында қазақстандық клуб 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Алайда екі ойынның қорытындысы бойынша (5:2) келесі кезеңге "Спарта" командасы өтті
Чехиялық команда енді үшінші іріктеу кезеңінде армениялық "Арарат-Армениямен" кездеседі. Бұл команда румындық "Университатя Клужды" (0:0, 2:1) жарыстан шығарып тастады.