Жауапсыз бес гол. "Црвена Звездадан" оңбай ұтылған "Қайрат" Чемпиондар лигасынан шығып қалды
Алматылық "Қайрат" сербиялық "Црвена Звездадан" жеңіліп, Чемпиондар лигасынан шығып қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Алматылық "Қайрат" сербиялық "Црвена Звездадан" жеңіліп, Чемпиондар лигасынан шығып қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчі Белградта өтіп, 5:0 есебімен аяқталды. Алаң иелері бірінші таймда үш гол соғып үлгерді.
10-минутта Александар Катай алыстан дәл соққы жасап, "Црвенаны" алға шығарды.
Катаиии! 1:0! ??⚪ #fkcz pic.twitter.com/8NSG7ulYs0
— Nasa CZV (@nasaczv) July 28, 2021
12 минуттан соң Лоис Дьони айып алаңына енер тұста алыс бұрышты дәл көздеп, командасының басымдығын еселеді.
Диониии!!! 2:0!!! ??⚪ #fkcz pic.twitter.com/TiV5sR8iti
— Nasa CZV (@nasaczv) July 28, 2021
Бірінші тайм аяқталар тұста Катай айып соққысынан есепті 3:0 қылды.
Катаиии!!! 3:0!!! ??⚪ #fkcz pic.twitter.com/vziYdhLed8
— Nasa CZV (@nasaczv) July 28, 2021
Екінші таймның басында таблода 4:0 есебі тұрды - жартылай қорғаушы Мирко Иванич (49-минут) көзге түсті.
Иванииић!!! 4:0!!! ??⚪ #fkcz pic.twitter.com/dIBXsDGOe6
— Nasa CZV (@nasaczv) July 28, 2021
Жеті минуттан соң Филиппо Фалько ойынның бесінші және соңғы голын соқты.
Фалкооо!!! 5:0!!! ??⚪ #fkcz pic.twitter.com/mDBlwzuvWA
— Nasa CZV (@nasaczv) July 28, 2021
Еске салайық, Алматыда өткен алғашқы кездесуде "Қайрат" 2:1 есебімен жеңген болатын. Осылайша, "Црвена Звезда" екі матч қорытындысы бойынша 6:2 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Ал "Қайрат" енді Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде ойнайды.
Жарнама