Жауапсыз бес гол. "Қайрат" өз алаңында "Атырауды" ойсырата ұтты

Сурет: "Қайрат" ФК

Футболдан Қазақстан чемпионатының 19-тур матчінде "Қайрат" командасы "Атырауды" ойсырата ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Алматыда өтіп, 5:0 есебімен аяқталды.

29-минутта есепті Артур Шушеначев ашты. 57-минутта Хосе Канте екінші голды салды. Екі минуттан кейін Шушеначев дубль жасады. 69-минутта Гүлжігіт Алықұлов есепті еселей түсті. Ал қосымша уақытта Камо Оганесян матч нүктесін қойды.

Жеңіске жеткен алматылық клуб турнир кестесінде үшінші орында қала береді.

Қатар өткен ойында "Астана" командасы "Шахтерді" ұтып, көшбасшылықты қайтарған. Алайда екінші келе жатқан "Тобыл" келесі матчте мұны өзгертуі мүмкін.