Футбол
19 наурыз 2022 02:31

Жастар құрамасы Алматы облысында ОЖЖ бастады. Нұрдәулетов, Сейдахмет пен Басманов пікір білдірді

©ҚФФ

Қайрат Нұрдәулетов жаттықтыратын Қазақстан жастар құрамасы Талғардағы ұлттық құраманың базасында Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Шотландиямен өтетін ойынға дайындықты бастады, деп жазады Vesti.kz тілшісі ҚФФ сайтына сілтеме жасап. Қар араласқан жаңбыр астында өткен алғашқы жаттығуда команда екі топқа бөлінді. Бірінші топтағы футболшылар толық жаттығу жүргізсе, Премьер-лиганың үшінші турына қатысқан ойыншылар екінші топта арнайы дайындалды.

Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы 24 наурыз күні Қырғызстанның олимпиадалық құрамасымен жолдастық матч өткізіп, 29 наурыз күні Шотландия жастарымен тартысқа түседі.

Жастар құрамасының аға бапкері Қайрат Нұрдәулетов оқу-жаттығу жиынының жоспарымен бөлісіп, ойыншылардың дене даярлығы мен дайындығына тоқталып өтті. Ал команданың жартылай қорғаушылары Еркебұлан Сейдахмет пен Станислав Басманов алдағы кездесулер туралы ойларын ортаға салды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport