Жастар арасындағы Еуроға іріктеудің Қазақстан - Бельгия матчіне тікелей трансляция

©ҚФФ

Бүгін, 9 қарашаға қараған түні Левенде (Бельгия) 2023 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінің матчі өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл ойында Бельгия құрамасы Қазақстан командасын қабылдайды. Ойынның басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 00:00. Матч трансляциясын мына сілтеме арқылы тамашалай аласыз. 

Еске салайық, іріктеу кезеңінің бұған дейінгі екі матчінде Қазақстан құрамасы Бельгия (1:3) және Даниядан (0:1) ұтылған. 1 тобында қазір командамыз нөл ұпаймен соңғы орында (бесінші). Бельгия командасы бірінші келеді. Қазақстаннан бөлек бельгиялықтар Түркия құрамасын (3:0) да ұтқан. Осылайша, екі ойында алты ұпай жинады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport