Футбол
8 қазан 2021 18:40

"Жасанды алаң - Қазақстанға басымдық береді". Боснияның бас бапкері ертеңгі ойыннан не күтетінін айтты

©Nfsbih.ba

Футболдан Босния және Герцеговина құрамасының бас бапкері Ивайло Петев 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасына қарсы ойын алдында баспасөз жиынына келіп, ертеңгі ойын туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

- Жасанды алаң туралы не айта аласыз? Сіздер үшін алаң кедергі болмай ма?

- Иә, кедергі болады. Мен мұны бұған дейін де айттым. Жасанды алаң - Қазақстанда басымдық береді. Бірақ біз жаттығу өткізіп үлгердік. Бүгін кешке тағы бір жаттығамыз. Сондықтан алаң туралы көп айта берудің қажеті жоқ. Біз тек жеңіс үшін ойнаймыз. 

- Жалпы дайындықтарыңыз қалай? Командаңыз өткендегі кездесудегідей босаңсып қалмай ма?

- Өз алаңымызда өткізген ойыннан кейін біз біраз анализ жасадық. Қателіктерді дұрыстадық. Менің де, футболшылардың да көңіл-күйі жақсы. Жеңіске жеткіміз келеді. 

- Қазақстанға біраз ойыншыңыз келмеді. Осы туралы айта кетсеңіз ...

- Нұр-Сұлтанға келген жігіттердің барлығы да мықты. Олар ертең 200 пайызға беріліп ойнайды. 

- Бірінші ойыннан кейін құрамаңызда қандай өзгерістер жасадыңыз?

- Көп өзгеріс болмады. Тек қателікпен жұмыс істедік. Ертең енді соны алаңда көрсету керек. 

- Қазақстан құрамасынан қай футболшыны ерекше атап өтер едіңіз?

- Жаңа Джеко да айтты ғой. Шынымен, Қазақстан біз үшін ыңғайсыз қарсылас. Қорғанысы мықты. Сондықтан ешкімді бөле-жарғым келмейді. Біз бір ойыншыға емес, бүкіл командаға қарсы ойнаймыз. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport