Жас футзалшылар Еуро турнирінде камбэк жасауға сәл қалды

©kff.kz

Футзалдан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі құрамасы Еуроның негізгі раундында жеңісті қолдан жіберді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Кездесудің жетінші минутында Вадим Булдин есеп ашты. Артынша поляк ойыншылары екі нәтижелі шабуыл ұйымдастыра алды. Алдымен Каспер Сендлевски (15-минут) ерекшеленсе, артынша Руслан Үргенішбаев (27-минут) автогол соғып алды.

Қазақстан құрамасының қақпасына үшінші голды (29-минут) Шимон Лизнерски салды. 

Ойынның 26-минутында Булдин дубль авторы атанды. Алайда матч соңына дейін Польша футзалшылары жеңісті есепті сақтап қалды.

Еске салайық, төртінші топта Қазақстан мен Польша командаларынан бөлек, Босния және Герцеговина мен Финляндия құрамалары бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар