Жас футболшы есінен танып қалғаннан соң үш күннен кейін қайтыс болды

24 желтоқсан 2021 18:15
©sibkray.ru

Хорватиялық футболшы Марин Качич жаттығу барысында есінен танып, комаға түскеннен кейін үш күннен соң қайтыс болды, деп хабарлайды Daily Mirror басылымы. 

Марин Качич "Нехадж Сендж" командасының жаттығуы барысынан есінен танып, құлап қалған. Футболшыны бірден емханаға жеткізген. Емханада 23 жастағы футболшының жүрегі ауыратыны анықталған. Кейін ол комаға түскен. 

Дәрігерлер қанша тырысқанымен футболшының өмірін сақтап қала алмады. 23 желтоқсан күні Качич қайтыс болды. 

Қорғаушы барлық турнирлерде өз командасы үшін 36 кездесу өткізген. Бұл ойындарда ол екі гол соғып, бір нәтижелі пас берген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар