Футбол
21 ақпан 2020 14:00
 
"Жартысын президентке төлейсің". Шетелдік футболшы "Ақтөбедегі" бопсалау туралы ашық айтты

  Пікірлер

blog.share

"Жартысын президентке төлейсің". Шетелдік футболшы "Ақтөбедегі" бопсалау туралы ашық айтты Фуад Байрамов. © Azerifootball.com

Әзірбйжандық жартылай қорғаушы Фуад Байрамов "Ақтөбе" клубы еңбекақының жартысын бопсалайды деп айыптады. Аzerisport.com басылымына берген сұхбатында ол грузиялық "Рустави" командасына қайтатынын мәлімдеді. 

- "Ақтөбеге" қалай бардыңыз?

- Менеджерлердің бірі қоңырау шалып, Векиль деген жігіт бар деді. Оны танитынын, ал президент клубы оның бала кезден досы екенін айтты. Бірақ кейін одан үн болмады. 

Кейін Леван Силагадзе қоңырау шалып, "Ақтөбеге" өтуге мүмкіндік барын айтты. Клуб мен туралы Instagram желісінде жазыпты. Осы кезде маған Векиль жазды: келгеніңді неге айтпағансың? Мені бұл командаға грузиндер алып келгенін айттым. Ол жолымды, жатып-тұрарымды қамтамассыз етті. Сосын Векиль айлығымның жартысын команда президентіне беру керегімді айтты. Сонымен қоса, агентке де төлеу қажет дейді. Оның менің ауысып келуіме еш қатысы жоғын түсіндірдім. 

- Ары қарай не болды?

- Екі күн бұрын жаттығуға шықтым. Физикалық дайындық жөнінде бапкер келіп, басшылық мені жаттығуға қатыстырмайтынын айтты. Неге дегенімде, жауап болмады. Векильге қоңырау шалдым, не істегенін сұрадым. Ол маған: саған айттым ғой, менімен жұмыс істеу керек деп. Егер жұмыс істемесең, ойнамайсың. Ал егер айлығыңның жартысын беріп отырсаң, негізгі құрамға да ілігесің деді. 

Мұнда осылай екенін білдім, бірақ, соншалықты... Клуб президенті футболшыдан ақша алса, не айтуға болады? 

- Сіз, әлбетте келіспедіңіз?

- Әрине. Мені даладан тауып алған жоқ қой. Футболды жақсы көремін. Дегенмен мен жарақат аламын, ал ақшаны президент пе? Векильге оның көмегінсіз келгенімді айттым. Оның үстіне Селигадзе айтқан еңбекақы мен Векиль айтқанның арасында айырмашылық үлкен. Сондай-ақ, Селигадзе біреуге ақша беріп тұруым керек деп айтқан жоқ. Бұл қып-қызыл сауда ғой. Сондықта Грузияға ораламын деп шештім. 

Жарнама

Живи спортом!