Жартылай финалға шыққан ПСЖ шешінетін орындағы қызықты видеосын жариялады

Сурет: © twitter.com/PSG_English

Франциялық "Пари Сен-Жермен" Чемпиондар лигасының жартылай финалына жолдама жеңіп алған матчтен кейін шешінетін орындағы қуанышты сәтінің видеосын көрсетті,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Париждегі "Парк де Пренс" стадионында өткен 1/4 финалдың қарымта матчінде алаң иелері мюнхендік "Баварияға" 0:1 есебімен ұтылды. Дегенмен, екі ойын қорытындысы бойынша ПСЖ келесі кезеңге өтті - бірінші матч - 3:2 есебімен аяқталған.

Жартылай финалға "Челси" де шықты. Англиялықтар да "Порту" командасын екі кездесу қорытындысы бойынша ұтып отыр. 

Жартылай финалда ПСЖ "Боруссия" - "Манчестер Сити" жұбының жеңімпазымен кездеседі, ал "Челси"  "Ливерпуль" немесе "Реалмен" ойнайды.

Жаңалықтар