Жарақатынан сауыққан Зайнутдинов Ресей кубогында матче шығуы мүмкін

24 қыркүйек 2019 14:28
Бактиер Зайнутдинов. Сурет "Ростов" ФК
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов жарақатынан сауығып, "Ростовтың" жалпы тобындажаттыға бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Зайнутдиновтың тізесі сыр берген еді, осының салдырынан ол Ресей премьер-лигасының бастапқы кезеңін өткізіп алды және Еуро-2020 іріктеуінде де Қазақстан үшін ойнай алмады. 21 жастағы жартылай қорғаушы жақын аралықта жаңа маусымдағы алғашқы ойынын өткізуі мүмкін. 

Сәрсенбі, 25 қыркүйекте "Ростов" Ресей кубогы үшін жарыста "Мордовиямен" ойын өткізеді. Бұл матчке Зайнутдинов қатысуы мүмкін. 

Айта кетейік, "Ростов" қазіргі таңда РПЛ көшбасшыларының бірі, команда 10 турда 20 балл жинады.