Франция құрамасының капитаны Килиан Мбаппе 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының ширек финалындағы Мароккомен матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Шабуылшы матч барысында алған жарақаты жайлы және команданың чемпиондыққа жету мүмкіндігін сөз етті.
"Тобығымнан соққы алдым, бірақ қазір бәрі жақсы. Сол сәтте, алаңдағы соңғы минуттарды өткізу үшін Жан-Филипп Матета менен жақсырақ дайын болды.
Франция құрамасының жетістігінің сыры неде дейсіз бе? Біз тек бір жағдайда ғана босаңси аламыз – чемпион атанғанда. Сол мақсатқа жеткенше қарқынымызды бәсеңдетпейміз. Біз жартылай финалдамыз және бұған өте қуаныштымыз. Бірақ алда әлі ұзақ жол бар. Алдымызда бұдан да қиын сынақ күтіп тұрғанын түсінеміз, алайда біз кез келген қиындыққа дайынбыз", – деп береді Мбаппенің сөзін ФИФА-ның ресми сайты.
Еске салайық, Франция құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына алғаш болып жолдама алды. Дидье Дешам шәкірттері ширек финалда Марокконы 2:0 есебімен ұтты.
Бұл кездесуде Килиан Мбаппе бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Кейін ол жарақат алып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген соң алаңнан ауыстырылды.