Бахтиер Зайнутдинов әлеуметтік желі арқылы қазақстандық жанкүйерлерге үн қатты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Еске салайық, Зайнутдинов Түркия чемпионатының 12-турындағы "Башакшехирмен" матчте (1:0) жарақат алып қалды. Бахтиерді ауруханаға жеткізгеннен кейін оның сынып кеткен мұрны мен бет сүйегіне операция жасалды. Осының салдарынан енді ол Қазақстан құрамасының Еуро-2024 іріктеуіндегі Сан-Марино мен Словенияға қарсы матчтерге қатыса алмайды.
Instagram желісіндегі стористе ол алдымен түрікше:
"Қолдауларыңызға рахмет!" - депті.
Одан кейін қазақстандарға қарата:
"Қолдау ретінде айтылған жылы сөздеріңіз үшін бәріне рахмет! Ал жігіттерге құрама үшін маңызды матчтерде сәттілік! Алға!", - деп жазыпты Бахтиер.