Футбол
28 тамыз 2023 17:28

Жарақат алған Қазақстан құрамасының футболшысы жыл соңына дейін ойнай алмайды

©KazFootball.kz

Қазақстан ұлттық құрамасы және "Астана" командасының ойыншысы Михаил Габышев жыл соңына дейін алаңға шыға алмайды. Ол "Қайратқа" қарсы ойын алдындағы жаттығу кезінде ауыр жарақат алған. 

33 жастағы қорғаушы қыркүйекте өтетін ұлттық құрама ойындарына қатысуға шақырту алған еді. Енді жарақатына байланысты командаға көмектесе алмайды. 

Михаил Габышев "Астана" футбол клубы қатарын 2022 жылы толықтырды. Оған дейін "Восток", "Шахтер", "Атырау" және "Каспий" командаларында ойнаған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport