Аргентина құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчінде Бразилияны ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Рио-де-Жанейрода өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз голды алаң қонақтары сапынан Николас Отаменди 63-минутта салды.
Ал бразилиялықтар матчті 82-минутта Жоэлинтон алаңнан қуылғаннан бастап азшылықта ойнағанын айта кетейік.
Бұл матчтің басталуы "Маракана" стадионында жанкүйерлердің жаппай төбелесінен 30 минутқа шегерілді.
Осы жеңіс арқасында Аргентина 15 ұпай жинап, Оңтүстік Америка аумағында бірінші орынға оралды. Бразилия 7 ұпаймен он команда арасында алтыншы.