Жапония құрамасы соңғы минуттарда екі гол соғып әлем чемпионатының финалына шықты

©jfa.jp

Жапония құрамасы сырт алаңда Аустралияны жеңіп, 2022 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Сиднейде өткен ойын 2:0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Жапония құрамасында Каору Митома (89-минут, 90+4-минут) дубль авторы атанды. 

Осылайша, Жапония құрамасы В тобында 21 ұпай жинап, әлем чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей шықты. Сонымен қатар, Катардағы біріншілікке 19 ұпай жинаған Сауд Арабиясыда жолдама алды. Аустралия болса 15 ұпаймен үшінші орында. Енді бұл құрама тоғыспа кездесулерін өткізеді. 

Еске салайық, реттік саны бойынша 22 мәрте ұйымдастырылатын әлем біріншілігі 2022 жылдың 21 қарашасы мен 18 желтоқсаны аралығында Катарда өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport