Жапония құрамасы Катардағы ӘЧ-2022 турниріне қатысатын тізімді жариялады

©ЖФЛ

Футболдан Жапония құрамасы Катардағы әлем чемпионатына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Турнир қараша айының 20 мен желтоқсанның 18 аралығы өтеді.

Қақпашылар: Сюити Гонда ("Симидзу С‑Пульс"), Дэниел Шмидт ("Сент‑Труйден"), Эйдзи Кавасима ("Страсбург");

Қорғаушылар: Мики Ямане ("Кавасаки Фронтале"), Хироки Сакаи ("Урава Редс"), Мая Йосида ("Шальке-04"), Такэхиро Томиясу ("Арсенал"), Сого Танигути ("Кавасаки Фронтале"), Коу Итакура ("Боруссия" Менхенгладбах), Юто Нагатомо ("Токио"), Юта Накаяма ("Хаддерсфилд"), Хироки Ито ("Штутгарт");

Жартылай қорғаушылар: Ватару Эндо ("Штутгарт"), Хидемаса Морита ("Спортинг"), Ао Танака ("Фортуна"), Гаку Сибасаки ("Леганес"), Каору Митома ("Брайтон энд Хоув Альбион"), Даити Камада), Такефуса Кубо ("Реал Сосьедад");

Шабуылшылар: Дайдзэн Маэда ("Селтик"), Такума Асано ("Бохум"), Аясэ Уэда ("Серкле Брюгге"), Юки Сома ("Нагоя Грампус"), Дзюня Ито ("Реймс"), Рицу Доан ("Фрайбург"), Такуми Минамино ("Монако").

Жапония құрамасы әлем чемпионатында Е тобында ойнайды. Бұл топта күншығыс елінің өкілдері Испания, Коста-Рика және Германия командаларымен кездеседі.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар