Жапония құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы матчында Швециямен тең түсіп, тарихи нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу 1:1 есебімен аяқталды.
Осы нәтиженің арқасында Жапония құрамасы әлем чемпионаттары тарихында алғаш рет топтық кезеңді бірде-бір жеңіліссіз аяқтады.
Күншығыс елінің құрамасы F тобында үш матч өткізіп, бес ұпай жинады. Команда бір жеңіске жетіп, екі кездесуде тең ойнады. Бұл көрсеткіш жапониялық футбол үшін мундиальдардағы жаңа тарихи жетістік саналады.
Топта үшінші орынды төрт ұпаймен Швеция иеленсе, жеті ұпай жинаған Нидерланды құрамасы бірінші орын алды. Ал Тунис құрамасы ұпайсыз қалып, соңғы орынға жайғасты.
Еске салайық, топтық кезең 11-27 маусым аралығында өтті. Әр команда үш матчтан өткізді. Плей-офф кезеңіне әр топтан алғашқы екі орын алған құрамалармен бірге үшінші орын иеленген үздік сегіз команда жолдама алды.
Жарнама