"Жанкүйерлерден кешірім сұраймын". Ұлтар лигасында алаң ортасынан гол салған қазақ футболшы

Сурет: ҚФФ

Алматылық "Қайрат" пен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен Ұлттар лигасындағы Албанияға қарсы ойынға байланысты және өзінің голы туралы пікір білдірді. 

"Жанкүйерлер алдында өз атымнан және команда атынан осы ойын үшін кешірім сұраймын. Өкінішке қарай ұта алмадық. Гол? Алаң ортасына келе жатқанда голкипер қақпадан алыстап кеткенін байқап қалдым да, бірден мүмкіндікті пайдаландым. Өз алаңымызда Литваны ұтуымыз қажет, шегінерге жол жоқ, барынша тырысамыз", - деп береді ойыншының сөзін KazFootball.kz.