Футбол
19 қазан 2022 21:04
 

"Жанкүйерлерден кешірім сұраймын". "Тараз" бапкері Қазақстан кубогі жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Жанкүйерлерден кешірім сұраймын". "Тараз" бапкері Қазақстан кубогі жайлы ©Тараз ФК

"Тараз" бас бапкері Нұркен Мәзбаев Қазақстан Кубогінің 1/2 финалында "Ақжайықпен" өткен матч туралы пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

blog.share

"Тараз" бас бапкері Нұркен Мәзбаев Қазақстан Кубогінің 1/2 финалында "Ақжайықпен" өткен матч туралы пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Матчтың 7-минутында үш мүмкіндігіміз болды. Бірақ өкіншіке қарай, гол соға алмадық. Ойынды ширату үшін үш ойыншыны алмастырдық. Бірінші кезеңде қателіктер болып, үш гол жіберіп алдық. Сол бірінші таймда біраз нәрсе шешілген сияқты. Бірақ біз соңына дейін ойнадық. Алайда бұйырмаған екен. Өте өкінішті. Жанкүйерлердің алдында кешірім сұраймын. Бастапқы құрамды жасақтауда қателіктер болды деп ойлаймын. Оны сараптап көреміз, мүмкін басқаша болуы керек пе еді... Дегенмен оны айтқаннан қазір ештеңе өзгермейді.

Алдымызда чемпионаттың үш туры бар. Турнир кестесінде әзірге "қауіпті аймақта" тұрмыз. Өз алаңымыздағы ойындарда жеңістерге жетіп, жанкүйерлер алдында қателіктерімізді түзейміз деп ойлаймын. Өмір жалғасады. Бүгін алаңға жастар көбірек шықты. Солардың болашағы үшін жұмыс жасауымыз керек", - дейді Мәзбаев.

Еске салайық, Оралдағы ойын "Ақжайықтың" пайдасына 5:3 есебімен аяқталды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!