Жанкүйерлер маусым соңына дейін "Каспий" ойнын стадионда тамашалай алмайды

24 қыркүйек 2021 18:29
©ҚКФЛ

Ақтаулық "Каспий" командасының ойындарына маусым соңына дейін жанкүйерлер кіре алмайды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан футбол федерациясының Бақылау-тәртіптік комитетінің шешімімен ойынның қауіпсіздігін қамтамасыз етпеуіне байланысты көрермендердің орынсыз әрекеттері үшін, яғни кездесудің ресми тұлғаларына балағат сөздер айтқаны, қарсыластар команданың ойыншыларына бөтелке лақтырғаны және жанкүйерлердің алаңға шыққаны үшін "Каспий" ФК ағымдағы футбол маусымының соңына дейін OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының өз алаңындағы ойындарын көрермендерсіз өткізу түрінде санкция салынғаны туралы хабарлайды.

Еске салайық, жанкүйерлермен келеңсіз жағдай Қазақстан кубогінің 1/4 финалында "Астана" командасына қарсы кездесуде болған еді. Бұл кездесуде елордалық команда 1:0 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: