"Сент-Этьен" 18 жылда алғаш рет Франция чемпионатының жоғары дивизионынан шығып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Сент-Этьен" Францияның 1 лигасына қатысу құқығы үшін шешуші матчте "Осер" командасынан ұтылды. Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталды, ал пенальти сериясында 5:4 есебімен "Осер" жеңіске жетті. Бірінші кездесуде де 1:1 болған. Осылайша, "Осер" 2012 жылдан бері алғаш рет элиталы дивизионға көтерілді.
Ойын аяқатала салысымен "Сент-Этьен" жанкүйерлері алаңға жүгіріп шығып, футболшыларды қуа жөнелді.