Жанкүйерлер "Қайрат" - "Ақтөбе" матчін стадионға тегін кіріп тамашалай алады

Сурет: "Қайрат" ФК

Алматылық "Қайрат" футболдан Қазақстанның OLIMPBET-чемпионатының 12-ші тур матчіне көреремендер кіргізеді, деп хабарлайды Vesti.kz. 

Ертең, 18 мамырда алматылық команда өз алаңында "Ақтөбемен" ойайды. Стадионға кіру тегін болады екен. Бұл матчі тамашалуға стадионға 4,5 мың адам ғана кіргізіледі. 

Айта кетейік, бұл пандемия басталғалы алматылық клубтың көрермендерді стадионға алғаш кіргізуі болмақ. 

Еске салайық, 11 тур қортыныдысы бойынша "Қайрат" төртінші орында келеді. Сыбыстар бойынша алматылық команда Алексей Шпилевскийді ауыстыру жолдарын қарастырып жатыр.

Метки: