Футбол
18 қазан 15:25
 
Жанкүйерлер Дастан Сәтпаевты Англияның аңыз ойыншысына теңеді

  Пікірлер

blog.share

Жанкүйерлер Дастан Сәтпаевты Англияның аңыз ойыншысына теңеді ©"Қайрат" ФК

«Челси» клубының жалға берілген ойыншыларының ойынын қадағалайтын Chelsea Loan Army атты Х (бұрынғы Twitter) парақшасы «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың «Қызылжар» қақпасына соққан голына тәнті болды.

17 жастағы футболшы КПЛ-ның 25-турындағы кездесуде гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.

«Дастан Сәтпаев тағы бір керемет гол соқты. Оның бойынан Майкл Оуэннің стилін көремін», - деп жазған Chelsea Loan Army футболшының гол соққан сәтінің видеосын жариялады.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев 2026 жылы 18 жасқа толған соң ресми түрде «Челси» сапына қосылады. Қазір ол «Қайрат» клубында жалда ойнап жүр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!