Жанкүйерлер алаңға шықты. "Трабзонспор" араға 38 жыл салып Түркия чемпионы атанды

©dynamo.kiev

"Трабзонспор" футбол клубы Түркия чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Суперлиганың 35-турында "Трабзонспор" өз алаңында "Антальяспормен" 2:2 есебімен тең түсті. Алаң иелеріне тең есептің өзі чемпион болуға жететіндіктен маусым аяқталмай жатып аталмыш жетістікке қол жеткізді.

Осылайша, 1984 жылдан бері бірінші орынға шыға алмай жүрген "Трабзонспор" келесі жылы Чемпиондар Лигасында ешқандай іріктеусіз топтық кезеңде ойнайтын болды. Ал матчтан кейін жанкүйерлер жеңісті тойлау үшін жасыл алаңға шықты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар