Жанкүйер Мбаппе FIFA 22 ойынында тым қымбат тұратынын айтып қалды

©Sportbox

"Пари-Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппе демалыс кезінде жанкүйерлерге қолтаңбасын таратты, деп хабарлайды "Чемпионат".

Футболшы FIFA 22 ойыны жазылған дискілерге қолын қойып беріп отырды. Осы кезде жанкүйерлердің бірі Килианнан Ultimate Team ойынын өзің ойнаймысың деп сұрады. Франциялық шабуылшы бұған оң жауап берді. Осыдан кейін әлгі жанкүйер былай депті: "Килиан Мбаппе FIFA 22 ойынында тым қымбат тұрады дейді ғой". Килиан бұл сөзге тек күлді. 

Еске салайық, Мбаппе мамырда ПСЖ-мен үш жылдық жаңа келісімшартқа қол қойды. Париждік команда сапында ол 2017 жылдан өнер көрсетіп келеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар