Жаңа тәртіп енгізді. ПСЖ бас бапкері телефонға тыйым салды
©footballsmile
"Пари Сен-Жерменнің" жаңа бас бапкері Кристоф Галтье командадағы тәртіпті қолына алды, деп хабарлайды L'Equipe.
"Пари Сен-Жерменнің" жаңа бас бапкері Кристоф Галтье командадағы тәртіпті қолына алды, деп хабарлайды L'Equipe.
Мәлімет бойынша, маман жаңа ереже енгізді. Енді ойыншылар тамақ ішу кезінде телефон қолданбайды. Сонымен қоса, жаттығуға кешігуге болмайды. Егер себепсіз кешіксе, жаттығуға қатыспайды.
Қазіргі таңда ПСЖ маусымға дайындық ретінде Жапонияда тур өткізіп жатыр. 20 шілдеде париждік команда Токиода 2:1 есебімен "Кавасаки Фронталені" ұтты.
Жарнама