1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Кеше 16:33
 

"Жаңа Суаресті" тапқан "Барселона" үлкен трнасферге дайындалып отыр

  Пікірлер

blog.share

"Жаңа Суаресті" тапқан "Барселона" үлкен трнасферге дайындалып отыр ©Global Look Press

Каталониялық «Барселона» мадридтік «Атлетиконың» және Аргентина құрамасының шабуылшысы Хулиан Альваресті 2026 жылдың жазы алдындағы негізгі трансферлік мақсат ретінде қарастырып отыр, деп хабаралйды Vesti.kz.

blog.share

Каталониялық «Барселона» мадридтік «Атлетиконың» және Аргентина құрамасының шабуылшысы Хулиан Альваресті 2026 жылдың жазы алдындағы негізгі трансферлік мақсат ретінде қарастырып отыр, деп хабаралйды Vesti.kz.

Diario Sport мәліметінше, каталондықтардың басшылығы 25 жастағы форвардты алдағы жазғы трансферлік кезеңде қатарға қосу үшін барлық мүмкіндікті пайдалануға дайын. Каталондық клубта Альварестің ойын сапасы жоғары бағаланады және оны шабуылға ықпалы мен стилі жағынан аңызға айналған уругвайлық Луис Суареске ұқсас футболшы деп есептейді.

Айта кетейік, ықтимал трансфердің жүзеге асуы Испания Ла Лигасының қаржылық фэйр-плей талаптарына тікелей байланысты болады. Егер жағдай оңынан шешілсе, «Барселона» шабуылшы үшін шамамен 82 миллион еуро төлеуге дайын. Бұл сома кезінде Луис Суарестің каталондық клубқа ауысқандағы бағасына шамалас.

Биылғы маусымда Хулиан Альварес «Атлетико» сапында барлық турнирде 27 матч өткізіп, 11 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталының дерегінше, аргентиналық футболшының нарықтағы құны 100 миллион еуро деп бағаланып отыр.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!