Жаңа рекорд! Криштиану Роналду Мбаппе мен Кейнді басып озды

©instagram.com/cristiano

Футболдан Сауд Арабиясының 17-тур ойындарында "Әл-Иттихад" және "Әл-Наср" командалары кездесті. Жиддада өткен ойында қонақтар 5:2 есебімен жеңіске жетті, деп жазады Мassaget.kz

Бұл ойында бұрынғы "Реал" командасының үздіктері болған Криштиану Роналду мен Карим Бензема бір-біріне қарсы ойнады. Португалиялық футболшы дубль жасаса, франциялық шабуылшы мергендігімен көзге түсе алған жоқ. 

Ойында екі гол соққан Роналду 2023 жылдың мергендер тізімінде 53 голмен бірінші орынға шықты. Ол 52 гол соққан Гарри Кейн мен Килиан Мбаппені басып озды. Төртінші орында 50 голмен Эрлинг Холанд келеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport