Футбол
Бүгін 12:24

Жаңа маусымда еурокубоктарда Англиядан тоғыз клуб ойнайды

©"Кристал Пэлас" ФК

Келесі маусымда Англиядан тоғыз клуб еурокубоктарда өнер көрсетеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Англияға қосымша жолдаманы "Кристал Пэлас" сыйлады. Лондондық клуб Конференциялар лигасының финалында Испанияның "Райо Вальекано" командасын 1:0 есебімен жеңді.

Кездесудегі жалғыз голды Жан-Филипп Матета соқты. Осы жеңістің арқасында "Кристал Пэлас" келесі маусымдағы Еуропа лигасына жолдама алды. Бұл клуб тарихындағы алғашқы еурокубоктық трофей болды.

Айта кетейік, "қырандар" Англия чемпионатын 15-орында аяқтаған. Осылайша, Англия қатарынан екінші маусым тоғыз клубын еурокубоктарға шығарып отыр.

Келесі маусымда еурокубоктарда ойнайтын ағылшын клубтары:

Чемпиондар лигасы:
"Арсенал", "Манчестер Сити", "Манчестер Юнайтед", "Астон Вилла" және "Ливерпуль";

Еуропа лигасы:
"Борнмут", "Сандерленд" және "Кристал Пэлас";

Конференциялар лигасы:
"Брайтон".

Бұған дейін осы маусымда "Астон Вилла" Еуропа лигасының финалында Германияның "Фрайбург" клубын 3:0 есебімен жеңіп, трофей иеленген еді.

Ал "Арсенал" Чемпиондар лигасының финалына шығып, шешуші матчта Францияның "Пари Сен-Жермен" клубымен кездеседі.

Финалдық ойын 30 мамыр күні Венгрия астанасы Будапештте өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport