Қызылордалық "Қайсар" Қазақстан чемпионатының 21-турында "Қызыл-Жар СК" командасына есе жіберді. Кездесу Талғар қаласында өтіп, 2:1 есебімен номиналды қонақтардың пайдасына аяқталды.
Алғашқы голды 20-минутта "Қызыл-Жар" футболшысы Максим Скорых соқты. Қызылордалықтар 44-минутта Елжас Алтынбековтің дәл соққысымен жауап берді. Үзілістен кейін, 79-минутта, Қазақстан жастар құрамасының қорғаушысы Әлібек Қасым "Қызыл-Жар СҚ-ға" жеңіс әкелді.
"Қайсар" үшін бұл чемпионаттағы соңғы матч болса, "Қызыл-Жар СК" маусымның соңғы ойынын "Астанамен" 30 қарашада өткізеді.
Футбол
27 қараша 2020 16:54
Жаңа бапкердің жетекшілігімен ойнаған "Қайсар" "Қызыл-Жарға" есе жіберді
Сурет: ПФЛК