Жаңа бапкер келгелі Месси "Барселона" құрамындағы орнынан айырылды

© UA-Football
Кике Сетьен бастаған "Барселонаның" бапкерлер штабы Испания кубогы 1/16 финалындағы "Ибицамен" матчте ойнайтын футболшылар тізімін жариялады.

Бұл ойынға қорғаушы Жерар Пике, хавбек Серхио Бускетс пен шабуылшы Лионель Месси қатыспайды.

"Барселонаның" бұл матчте ойнайтын футболшылар тізімі мынадай:

Қақпашылар: Марк-Андре тер Штеген, Нето.
Қорғаушылар: Нелсон Семеду, Клеман Лангле, Жорди Альба, Самуэль Юмтити, Хуниор Фирпо, Хуан Брандарис.
Жартылай қорғаушылар: Иван Ракитич, Артур Мело, Серхи Роберто, Френки де Йонг, Артуро Видаль, Рики Пуч.
Шабуылшылар: Антуан Гризманн, Карлес Перес, Абель Руис, Ансумане Фати.

"Ибица" - "Барселона" матчі бүгін, 22 қаңтарда өтеді.