Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеуінің қазан айындағы матчтеріне шақырылған ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде ойнайтын Қазақстан құрамасы:
Қақпашылар:
Стас Покатилов ("Сабах", Әзірбайжан), Мұхаммеджан Сейсен ("Астана"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы"), Қажымұқан Төлепберген ("Оқжетпес");
Қорғаушылар:
Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де – "Ордабасы"), Әлібек Қасым, Бағдат Қайыров (екеуі де – "Ақтөбе"), Ян Вороговский ("Астана"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Наурызбек Жағоров ("Тобыл"), Әділбек Жұмаханов ("Елімай"), Дінмұхаммед Қашкен ("Жетісу"), Арсен Ашырбек ("Оқжетпес"), Сағи Совет ("Жеңіс");
Жартылай қорғаушылар:
Даурен Жұмат ("Оқжетпес"), Исламбек Қуат, Дінмұхаммед Караман (екеуі де – "Жеңіс"), Рамазан Оразов, Алмас Төлеубай (екеуі де – "Елімай"), Ислам Чесноков ("Тобыл"), Бахтиёр Зайнутдинов ("Динамо", Мәскеу, Ресей), Муроджон Халматов ("Ордабасы"), Дамир Қасаболат ("Қайрат"), Георгий Жуков ("Ақтөбе");
Шабуылшылар:
Артур Шушеначев ("Ақтөбе"), Максим Самородов ("Ахмат", Ресей), Дастан Сәтбаев ("Қайрат"), Иван Свиридов, Ғалымжан Кенжебек (екеуі де – "Елімай").
Қазан айында Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында екі матч өткізеді:
10 қазанда елордада Лихтенштейнмен ойнайды,
13 қазанда қонақта Солтүстік Македониямен кездеседі.
Бес турдан кейін Қазақстан құрамасы өз тобында төртінші орында тұр. Қазақстан команадсы тек Лихтенштейннен ғана жоғары орналасқан. Турнирлік кестеде Уэльс, Бельгия және Солтүстік Македония алда келеді. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде бір ғана жеңіс және төрт жеңіліс бар.
Еске салайық, алдағы матчтарда ұлттық құраманы Талғат Байсуфинов жаттықтырады. Ол Бельгиядан 0:6 есебімен ұтылғаннан кейін отставкаға кеткен Әли Әлиевтің орнына тағайындалған болатын.
Жарнама