31 жастағы хавбек кейінгі екі маусымды "Ақтөбе" сапында өткізді. Осы уақытта ол 45 матчте ойнап, екі гол салды және бес ассист жасады. 2019 жылғы ҚПЛ-де Көкеев алаңға 24 рет шықты, алайда, нәтижелі әрекет көрсетпеді, ал оның клубы соңғы болып, бірінші лигаға түсіп қалды.
"Ақтөбеге" дейін Көкеев "Қайсар", "Қайрат", "Шахтер", "Локомотив" (қазір "Астана"), "Алма-Ата", "Астана" (бұрынғы "Жеңіс") пен "Цесна" сапында ойнаған. Премьер-лигада жалпы 263 матчке шығып, 35 гол соққан.
2006 мен 20015 жылдар аралығы Қазақстан құрамасы үшін 29 ойын өткізіп, екі гол соқты және ұлттық команда тарихына ең жас ойыншы ретінде атын жазды. Бірінші рет ол 17 жас, төрт ай және 25 күн болғанда ойнады.