"Сантос" шабуылшысы Неймар Бразилия чемпионатының 37-турында "Жувентудемен" матчте хет-трик жасап, нағыз шоу көрсетті, хабарлайды Vesti.kz.
Матчте тек Неймардың голынан басқа есеп өзгерісі тіркелген жоқ, ойын "Сантос" пайдасына 3:0 есебімен бітті.
33 жастағы жұлдыз үшін бұл соңғы үш жарым жылдағы алғашқы хет-трик болып отыр.
We just witnessed football history on stream tonight. We watched Neymar score a hat trick in a game his team HAD to win to avoid relegation.
— Zwë ? (@ZwebackHD) December 4, 2025
Neymar isn't washed.
Neymar is still HIM. Football heritage. ???❤️ pic.twitter.com/JFoTzwC3Mf
Бұған дейін Неймар 2022 жылдың 9 сәуірінде ПСЖ сапында "Клермон" қақпасына үш рет гол соққан еді. Енді бразилиялық шабуылшы голдар сериясын үш матчке жеткізіп, осы аралықта бес гол салды. Қазіргі маусымда ол "Сантос" сапында барлық жарыстарда 29 матч өткізіп, 11 гол және төрт нәтижелі пас авторы атанды.
Еске салайық, бұған дейін Неймардың сол тізесіндегі мениск жарақатына байланысты маусым соңына дейін алаңға шықпай қалуы, тіпті 2026 жылға дейін ойнамайтыны туралы ақпарат тараған еді. Кейін футболшы жанкүйерлеріне жарақаты соншалықты ауыр емес екенін айтты.
Жарнама