Жалақысы белгілі. Роналду Сауд Арабиясында ойнауы мүмкін

©Reuters

"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду кәсіпқой карьерасын Сауд Арабиясында жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы TVI және CNN Portugal телеарналары мәлімдеп отыр.

Әзірге португалиялықтың қай клубта ойнайтыны белгісіз. Алайда сол белгісіз клубтың басшылары Роналдудың трансферіне 30 миллион еуроны "қызыл сойқандарға" және оның агенттеріне қосымша 20 миллион еуро төлеуге дайын. Сонымен қатар, екі жылдық келісімшарт жасасқан жағдайда саудиялықтар Роналдуға жылына 125 миллион айлық беруге міндеттеледі.

Еске салайық, Криштиану Роналду "Манчестер Юнайтедпен" маусым алдында командамен бірге Тайландтағы турнеге бармаған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport