Футбол
13 маусым 2019 17:49
 
"Жақсы формада, дегенмен...". Есмағамбетов Құраманың басты қиындығын атады

  Пікірлер

blog.share

"Жақсы формада, дегенмен...". Есмағамбетов Құраманың басты қиындығын атады Сурет: Vesti.kz. Жігер Әбенов©

Қазақстан құрамасының аралық нәтижесі жаман емес және Еуро-2020 чемпионатының іріктеу турында үшінші орынға таласа алады. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында отандық функционер және маман Болат Есмағамбетов осындай пікір білдірді.

I топтың төртінші турында Сан-Мариноны (4:0) жеңгеннен кейін қазақстандықтар Шотландия мен Кипр құрамаларын басып озып, үшінші орынға жайғасты.

"Еуропа чемпионаты іріктеу турниріндегі құраманың аралық нәтижесі жаман емес деп ойлаймын. Екі жеңіске жетіп, жинауы мүмкін ұпайдың 50 пайызын алды. Құрама сапында клубтарында қосалқы ойыншылар орнында отырмайтын футболшылардың болғаны қуантты. Олар жақсы формада және функционалды дайын. Екінші жағынан Сан-Мариномен ойын форвардпен қиындықтар барын көрсетті. Мұндай қарсыластарға гол соқпаса білмеймін. Қалған жағынан командамызда бәрі дұрыс сияқты.

Әрине, Бельгия және Ресеймен таласа алмаймыз, бірақ, Шотландия және Кипр - деңгейлері бізге жақын командалар. Құрама үшінші орынға таласады және мүмкіндіктері жетерлік. Қазір көп айтуға болады. Матчтерден кейін көреміз. Бастысы қазір ұпай жинау, рейтингті жақсарту үшін. Меніңше, осы маусымда мүмкіндіктер жақсы және бұрығы нәтижелерін жақсартуға болады", - дейді Есмағамбетов. 

Еске  салайық, мұның алдында Қазақстан Шотландияны ұтты (3:0), Ресейге (0:4) және Бельгияға (0:3) есе жіберді. Бесінші тур 9 қыркүйекте өтеді. Бұл күні Ресей - Қазақстан, Сан-Марино - Кипр және Шотландия - Бельгия матчтері өтеді.

Жарнама

Живи спортом!